Шилі ауылдық кітапханасында “Конституция-мәңгілік елдің кепілі” атты балаларға арналған танымдық сағат өтті
Конституция – мәңгілік елдің тұғыры
Тамыры “Жеті Жарғыдан” тартылған Ата Заңымыз мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары және де кемел келешегіміздің кепілі
Әрбір мемлекеттің іргетасы мықты әрі болашағының жарқын болуы Конституциясына байланысты.
Биыл, міне Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданғанына 24 жыл толып отыр. Осы мерекеге орай Шилі ауылдық кітапханасында “Конституция-мәңгілік елдің кепілі” атты балаларға арналған танымдық сағат өтті.
Кішкентай оқырмандар Ата Заңның тарихымен, бөлімдері мен тараулары туралы кеңірек танысты. Шараға шақырылған қонақтар басты құжат бірлігімізді бекемдеп, мемлекеттік құрылым мен еліміздің тұтастығын бекітіп бергенің атап өтті.
Сонымен қатар, “Сенің өмірің туралы заң” тақырыбы аясында, кітап көрмесіне шолу жасалды.
Бірмағамбетова Гүлжазира
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31