Облыстық жазғы спартакиада ойындарында өнер көрсететін спортшылар іріктелді
34-ші рет ұйымдастырылған байрақты бәсекеде ұлттық және халықтық спорт түрлері қамтылды
Жергілікті жұртшылық арасында дене тәрбиесін насихаттау және спорт түрлерін дамыту, сондай-ақ, салауатты өмір салтын қалыптастыруды мақсат тұтқан спартакиадаға ауылдық округтерден жиналған 8 команда қатысты. Олар жыл сайын өрбитін жарысқа жақсы дайындықпен келген. Бұқаралық спорттың өрісін кеңейтуге билік өкілдері де барынша оң жағдай жасауда. Оған 12 – 13 тамыз аралғында аудан орталығында өткен дода дәлел.
Науырзым ауданында алғашқы «Тың» спартакиада алауы 1986 жылы аудан орталығында жағылған.Бүгінгі «Тың-2019» атты 34 –ші аудандақ спорт және мәдениет мерекесінің иесі Науырзым ауылы. Наурызым ауданының қасиетті мекендірінің бірі – Қожа ауылы. Қожада сөзбен айтып жеткізуге болмас сұлу табиғат құсқа толы көлдері, жайқапта өсетін егіні бар. Сонымен қатар ауылымызда ауызбіршілігі жарасқан, қазақшылығы бойына дарыған жүзден аса отбасы тұрады. Қасиетті ауылда ат ойнатып, құс салатын азаматтарымызда жоқ емес. Қасиетті мекеннің өрісі толған төрт-түлік мал. Осынау қасиетті жер бұрынғы Ескі Наурызым 1974 жылы құрылып, ауыл директоры болып Досмағанбетов Шәруән тағайындалды. 1998 жылға дейін егін және мал шаруашылығымен айналысты.1998 жылы Совхоз шағын ауылға кірді және Қожа ауылы болып өзгертілді. Осы уақыттан бастап Ақылбек Әлімғазыұлы егіншілік және мал шаруашылығына көшіп,” Қожа-1″ шаруа қожалығын құрды, қазіргі уақытта ауылда 7 шаруа қожалығы, 3 жеке кәсіпкер жұмыс істейді. Ауыл әкімі Күйекбаева Айгүл Әлімғазықызы. Ауылда 1 мектеп, 1 әкімшілік, 2 кітапхана, 1 мәдениет үйі, 1 пошта бөлімшесі, 1 учаске полейцей бөлімшесі, 1 мед.пункт жұмыс істейді.
Халқымызды туған жер,Отан, ауыл деген ұғым түсініктерінің қалыптасып дамуы ұзақ тарихтарға, есте жоқ замандарға маңзейді. Біздің ата –бабамыз мал айдап өткен жердің бәрін біздікі дей бермеген. Күл төгіп, ірге бекіткен, кіндік қаны тамған, ата-бабамыз мекендеген қасиетті топырақты кие тұтып соның балалары мен абыройы үшін жан алып, жан беріп сақтап келген. Сондай бабаларымыздан қалған киелі жерде біз бүгін өмір сүріп жатырмыз.Осынау киелі мекенде туып-өскен талай жетістіктерге жеткен Қазақ күресінен жаттықтырушы және спорт шеберлерін тәрбиелеп келген Құдабаев Кенжебек Алпысбайұлы, самбо және қазақ күресінен спорт шебері Едиков Дамир Асанұлы, қазақ күресінен Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, спорт шебері Өтелбаев Алмат, самбодан Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы, қазақ күресінен спорт шебері Кәмиев Медет, қазақ күресінің спорт шебері, бірнеше дүркін жеңімпазы Едиков Дархан сыңды спорт саңлақтары Қожа ауылынан шыққан.Еліміздің әр азаматы өз елінің, өз жерінің тарихын білуі тиіс.
Бұдан кейін аудандық спортакиаданың шеруі басталды, шеруді төрешілер бастап ауыл аймақтан келген спортшылар қостаса, биылғы спортакиаданың бір ерекшілігі ат спортының шабандоздары шеруді аяқтады. Ат спортының шеруін қой көтеру, аударыспақ ойындарын ойнатып, қазақша күресті дамытып жүрген азаматымыз Өтелбаев Алмат, 2016 жылдан бері ауданымызда алғаш рет ат жарысын ұйымдастырып жүрген, ауданымыздың қоғамдық іс-шараларына қатысып, атсалысып жүрген азаматтардың біріИсмагулов Сағдат бастады. Еліміздің ән ұраны шырқалып, көк байрағымыз желбіреп, той шашу шашылып, әсем әндер шырқалды.
Спартакиаданы аудан әкімі Қарбозов Талғат Тойшыбекұлы салтанатты түрде ашып,спортшыларға сәттілік тіледі.
Әрбір спартакиаданың символы жалау мен алау екені белгілі. Бұл жолы оны ұстап жүру құрметіне өңірдің бетке ұстар спортшылары ие болды. Ермағамбетов Оразғали, Досжан Айтпай, Жұмабай Гүлназ, Хасенова Венера сынңды спортшыларымыз спортакиада жалауын ортаға алып шығап, аспан көгіне желбіретті. Иә, нағыз толқыныс сәт ол, спортакиада алауының жағылуы. Мұндай құрмет спорт ардагері, ҚР Кубогының иегері, ҚР чемпионатының жүлдегері, Президенттік көпсайыстан әлем чемпионатының қатысушысы –Байдилдинов Қайрат Қошқарбайұлы 34-ші аудандық “Тың-2019” спартакиадасының алауын Науырым ауылының үздік спортшысы, ауданның үздік спортшысы, спорт шебері, чемпион Калиев Медет қабыл алып, спортакиада алауын жақты.
Орталық алаңда аудандық мәдениет үйінің және Әулиекөл мәдениет үйінің өнерпаздарының әсем әндері мен керемет жыр күйлерімен халықтың көңіл күйлерін көтеріп, от шашу болып, жастарға арналған би кеші өтті.
Ағымдағы жылы жалауын желбіреткен дәстүрлі додада аудан аумағына қарасты барлық ауылдардан келген командалар спорттың он екі түрі бойынша бақ сынасты.Екі күнге созылған спартакиаданың желебесін қоздырған бәсе ол – аламан бәйге болды. Ауданымңызды ауылдық округінен келген шабандоздар сәйгүліктерін бәйгеге қосты.Он екі спорт түрінен жарыс нәтижесі: Футбол– 1) Қарамеңді, 2) Қожа, 3) Өленді. Баскетбол(ер) – 1) Шолақсай , 2)Қарамеңді, 3) Шилі. Баскетбол (әйел) – 1) Қарамеңді, 2) Шолақсай, 3) Қожа. Волейбол (ер) – 1) Қараменді, 2) Шолақсай, 3) Өленді. Волейбол (әйел) – 1) Раздольный, 2) Қарамеңді, 3) Шилі. Үстел теннисі- 1) Дәмді, 2) Шилі, 3) Қарамеңді. Шахмат – 1) Қожа, 2) Қарамеңді, 3) Раздольный. Тоғызқұмалақ- 1) Қарамеңді 2) Шолақсай, 3) Қожа. Еркін күрес – 1) Қарамеңді 2) Дәмді, 3) Өлеңді. Қазақ күресі – 1) Қарамеңді 2) Өлеңді, 3) Дәмді. Гір спорты- 1) Қарамеңді 2) Шолақсай, 3) Дәмді. Жеңіл атлетика – 1) Дәмді, 2) Шилі, 3) Өлеңді
Биылғы жазғы спорттық сайыста жалпы есеппен Қарамеңді селолық округінің спортшылары 1-ші орынды жеңіп алды. 2-ші орынды – Шолақсай ауылының командасы, 3-ші орынды Қожа ауылының спортшылары қанжығаға байлады.«Тың – 2019» спортакиадасының жабылуында аудан әкімінің орынбасары Еркен Айсағалиев жеңімпаздарды марапаттап, қатысушыларға алғыс білдірді. Аудандық аламанда алдыңғы қатардан көрінген спортшылар мен командалар алда болатын облыстық спартакиадаға жолдама алды. Осы жарыста жеңіс тұғырына шыққан жеңімпаздар көп кешікпей, кең көлемде өтетін өңірлік тартыста да өлке намысын қолдан бермейміз деп отыр.
Жібек МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ
Фотоны түсірген автор
Ақжол Серікбай
Боранбай Жәуке
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31