30 жылға жуық еңбек еткен білім ордасына бір күні өзінің есімі берілсе, дәл осы кезде төгілген тердің ақталғаны

2019 жылдың 6 – 7 қарашасында ауданымызда Жамбыл орта мектебін 30 жыл бойы қызмет етіп, басқарған Сүтемгенов Тойкен Көпейшеұлын еске алуға арналған іс шаралар өтті.

6 қараша күні алғашқы аудандық Сүтемгенов Тойкен Көпейшеұлы атындағы турнирмен бастау алды. Турнир спорттың баскетбол, футбол түрлерінен 7 ауылдық округі қатысты. Турнирдің ашылуында аудан әкімі Талғат Карбозов, аудан әкімі апаратының басшысы Нұрлан Әміров, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Жабағин, Тойкен ағайдың ағасы, балалары, қарындастары, ағаймен бірге қызметтес болған әріптестермен Жамбыл орта мектебінің ұжымы қатысты.

7 қараша күні Жамбыл орта мектебінде Тойкен ағайға арналып еске алу кеші өтіп, мектеп қабырғасынан «Қалдырған ізің мәңгілік» атты арнайы ашылғалы тұрған бұрыштың лентасын аудан басшысы Талғат Карбозовпен Нұр-сұлтан қаласынан келген Тойкен ағайдың ағасы Жүсіпбеков Қоқан ағай кесті.

Тойкен Көпейшеұлы 1945 жылдың 7 қарашасында Қостанай облысы Науырзым ауданы, ескі Науырзым ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1962 жылы Мереке орта мектебін аяқтады. Орта мектепті бітірген соң, ауылда екі жыл жұмыс істеп, 1964 жылы Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетіне түсіп, оны 1968 жылы бітіріп шықты.

1968 жылы Науырзым ауданындағы Жамбыл орта мектебіне (аралас) физика пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа қабылданды. 1972-1982 жыл аралығында Жамбыл орта мектебінің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Сол жылдары ССРО жоғары советінің депутатына қазақ сыныптарын жеке орта мектеп етіп оқыту туралы өтініш жасап, жаңадан қазақ орта мектебін салынуына көп еңбегін сіңірді. 1982 жылдың 1 сәуірінен бастап аталған мектептің директоры болып сайланып, 2012 жылдың күзіне дейін басқарып, құрметті зейнеткерлік демалысына шықты.

Қазіргі уақытта ағайдың артынан қалған, 5 баласы бар, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған үлгілі әке, ардақты ата бола білді.

Сол жылдар ішінде Тойкен Көпейшеұлының келешек ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру ісінде жасаған еңбектері де еленіп, түрлі дәрежедегі марапаттарды иеленді.

Наградалары:

  • «Социалистік жарыстың жеңімпазы» төс белгісі (1974 жыл);
  • Қазақ ССР оқу министірлігінің құрмет грамотасы (1987 жыл);
  • «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісі (1990 жыл);
  • ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хаты (2001 жыл);
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011 жыл).

Жоғарыда аталған  еске алу кешінде Тойкен Көпейшеұлының жеткен жетістігі мен мектеп қабырғасындаға нәтижелі еңбегі айтылып өтті. Іс-шара барысында бұрыңғы мектеп басшысының балалық – шағының естеліктерімен туған – туыстары, ағалары және қызы шағын сұхбатта бөлісті. Тағылымды тұлғаның ағалары інісінің ерекше дарыны мен қайтпас мінезін айтып, өткен күндерге көз жүгіртті.Басшының әкесі Көпейше өз заманының құрметті азаматы, бақсы кісі болса, ал анасы әулие Түркебай атаның шөпшегі болған деседі. Бұл пікірді қарындасы сұхбат беру барысында айтты.Қамқор аға, аяулы жар, қадірлі әке, адамгершілікті, еңбексүйгіштікті, сыйластыққа жаны сүйгіш…

Бұл тұлғаны тек осындай жылы лебіздермен сипаттауға болады. «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» демекші, басшының атын мәңгі сақтау үшін мектеп директоры Роллан Қанатұлының бастамасымен білім ордасын Тойкен Көпейшеұлының атына беруге ұсыныс білдірді. Аудан әкімі бұл бастаманы қолдайтының жеткізді.Айтылар ой, тілер тілек көп болды. Келе алмай қалған жандар өз лебіздерін видео – құттықтау арқылы жеткізді. Бұл дегеніміз, Тойкен Көпейшеұлының сыйлы жан, баршаның алдында құрметі жоғары азамат болғанын аңғартады.

Бұрыңғы директормен бірге мектеп өмірін бірге кешкен, куанышы мен қиындығын көрген жандар сахна төріне шығып өз қызықтарын айтып берді. Аудандық мәдениет үйінің әншілері шарада ән айтып жиналған қауымды бір серпілтіп тастады. Иә, дәл осы шарада шырқалмаса, қайда шырқалмақ?  Зейнет демалысына  шықса да, мектептің басы- қасында жүруден тайынбады. Шара соңы мектеп ұжымының «Ұстазым менің» әнімен қорытыланды.«Жақсының жақсылығын айт нұры тассын» деген осы әдемі сөздер бүгінгі күннің сипаты болды. Жылдар жылжып өткенімен, Тойкен Көпейшеұлы жүректен өшпейтіні сөзсіз. Бүгінгі еске алу кешінде Жамбыл орта мектебінің ұжымы келген қонақтарға қонақ асы берді. 30 жылға жуық еңбек еткен білімордасына бір күні өзінің есімі берілсе, дәл осы кезде төгілген тердің ақталғаны.

Жібек Нұрсеитова

Жұлдыз Таңатқанқызы

Фотоларды түсірген Жібек Нұрсеитова

Редактор

Recent Posts

Шиліліктер Әзім Әбдіркеновке ат мінгізіп, шапан жапты

Абу-Даби қаласында қараша айының 10-11 күндері джиу-джитсудан Әлем чемпионаты өткен болатын (далее…)

2 дня ago

Шиліліктер Әзім Әбдіркеновке ат мінгізіп, шапан жапты

Абу-Даби қаласында қараша айының 10-11 күндері джиу-джитсудан Әлем чемпионаты өткен болатын (далее…)

2 дня ago

Ұстаздар арасында дәстүрге айналған “Қалдырған ізің мәңгілік” атты V аудандық турнир өтті

2024 жылдың 14 қарашасында ауданымызда Жамбыл орта мектебінде 30 жыл басшы болып қызмет еткен және…

1 неделя ago

Бірлігі жарасқан берекелі ұжым

Биыл 15 қарашада Қазақстанның мемлекеттік егемендігінің маңызды атрибуттарының бірі – «Ұлттық валюта» теңгеге 31 жыл…

1 неделя ago

Әзім Әбдіркенов Абу-Даби қаласында Әлем чемпионы атанды

Абу -Даби қаласында қараша айының 10-11 күндері джиу-джитсийдан Әлем чемпионаты өткен болатын. Әлемның түкпір түкпірен…

1 неделя ago

Науырзымдық Ерлан Омаров АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында көк байрағымызды көтеріп, әнұранымызды шырқатты

АҚШ- тың Лас-Вегас қаласында дзюдодан күрес шеберлері арасындағы әлем чемпионатында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде…

3 недели ago

This website uses cookies.