21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні!

Бүгін ауданымыздың бір қатар мәдениет саласының қызметкерлері марапатталды

Бұл мереке туған жеріміздің рухани дамуына және бай мәдени мұрамызды дәріптеуге зор үлес қосып жүрген жандарды біріктірген, шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі, әрбір мәдениет қызметкері үшін ерекше күн. Ал мәдениет қызметкерлері – айналасын думанға бөлей білетін сан қырлы талант иесі және жан дүниесі бай, нағыз өз ісінің майталман шебері ретінде өнерге берілген азаматтар.

Сондықтан халыққа үздік мәдени қызмет көрсетіп жүрген ауданымыздың мәдениет қызметкерлері мен сала ардагерлерін әрдайым мақтан етеміз. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні – музей, кітапхана, театр, филармония, мәдениет үйлері қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар сала ардагерлерінің, жалпы өнер сүйер қауымның шығармашылық мерекесі. Бұл жандардың еңбектері қашанда халықтың көз алдында, елді ұлттық мәдениеттің қайнарына сусындатып, ондағы ең асылды көре білетін, адамдарға мереке және көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын ғажап жандар десек болады. Барлық мемлекеттік мерекелер мен ұлттық мейрамдар – мәдениет қызметкерлері үшін дағдылы жұмыс күндері.

Еңбексүйгіштіктерінің және шығармашылықтарының арқасында ауданымыздың мәдениеті жылдан жылға көркейіп келеді. Осы салада аянбай еңбек етіп, халықтың көңілінен шығып жүрген ауданның және ауылдық округтердің қызметкерлерінің басын біріктіріп алғыс айту мақсатында, ауданымызда шағын іс шара өткен болатын. Бұл жиынға Шилі, Дәмді, Қожа, Шолақсай, Өлеңді, Роздольное, Буревестник ауылдарының және аудан орталығының мәдениет қызметкерлері қатысты. Бүгінгі жиында ауданымыздың мәдениет саласына еңбегі сінген бір қатар қызметкерлеріне аудан әкімі Қайрат Әбішев пен Науырзым аудандық мәслихатының хатшысы Гүлсім Есенғалиқызы мадақтама қағаздарын табыстап, құттықтаған болатын.

«Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының грамотасымен» мәдениет және өнер саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Науырзым аудандық мәдениет үйінің қызметкері Сәулет Қуандықұлы марапатталды.

Науырзым ауданының әкімдігінің грамотасымен мәдениет саласындағы көп жылғы еңбегі үшін және мәдениет қызметкерлері күніне орай – «Роздольный селолық мәдениет үйінің қызметкері» Гарашов Вугар Шахралоглы, «Шолақсай селолық кітапханасының қызметкері» Айнагүл Төлегенқызы, сондай –ақ «аудандық кітапхананың оқырман залының кітапханашысы» Балмекен Ахметқызы марапатталды.

Сонымен қатар «облыс әкімінің грамотасымен» Науырзым аудандық мәдениет үйінің директоры –Нұрлан Ғазизұлы мен Науырзым аудандық мәдениет үйінің қызметкері Сәулет Қуандықұлы марапатталды.

Барша мәдениет қызметкерлеріне аудан әкімі Қайрат Әбішев жылы лебізі мен алғысын білдірді:

-Құрметті, мәдениет саласының қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер ауданның әлеуетін арттыруда халықты өрелі өнермен сусындатып,

рухани байлықты толықтыруға және игі дәстүрлерді жалғастыруда аянбай еңбек атқарып келесіздер! Мереке қарсанында біздер отбасымызбен тойлап жүрсек, сіздер халықтың көңілін көтеру мақсатында жұмыс атқарып жүресіздер. Сіздерді түсінетін үйдегі отбасыларыңызға ерекше алғысымды білдіремін. Ауданымыздың өнері мен мәдениетіне сүбелі үлес қосып, осы саланың мерейін көтеріп жүрген Сіздерге айтар алғысымыз көп. Киелі өнер жолында қасиетті Науырзым өлкесін елге танытып, биік тұғырдан көрсетіп жүрген баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге шабыт, жаңа шығармашылық ізденістер тілеймін!

Мәдениет қызметкерлеріне жылы лебіздер айтылып, әрі қарай ән шашуға жалғасып бүгінгі жиын жақсы көңіл күйде жалғасты.

Бүгінгі мереке иелеріне айтарымыз, мейрамдарыңыз құтты болсын! Кәсіби шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз! Рухы биік халықтың руханиятына қосар үлестеріңіз қомақты, әр еңбек күндеріңіз сәтті, шығармашылық жетістіктерге толы болсын! Мәдениет пен өнеріміз өркендей берсін!

Айгүл САБИТБЕКОВА

Редактор

Recent Posts

Шиліліктер Әзім Әбдіркеновке ат мінгізіп, шапан жапты

Абу-Даби қаласында қараша айының 10-11 күндері джиу-джитсудан Әлем чемпионаты өткен болатын (далее…)

2 дня ago

Шиліліктер Әзім Әбдіркеновке ат мінгізіп, шапан жапты

Абу-Даби қаласында қараша айының 10-11 күндері джиу-джитсудан Әлем чемпионаты өткен болатын (далее…)

2 дня ago

Ұстаздар арасында дәстүрге айналған “Қалдырған ізің мәңгілік” атты V аудандық турнир өтті

2024 жылдың 14 қарашасында ауданымызда Жамбыл орта мектебінде 30 жыл басшы болып қызмет еткен және…

1 неделя ago

Бірлігі жарасқан берекелі ұжым

Биыл 15 қарашада Қазақстанның мемлекеттік егемендігінің маңызды атрибуттарының бірі – «Ұлттық валюта» теңгеге 31 жыл…

1 неделя ago

Әзім Әбдіркенов Абу-Даби қаласында Әлем чемпионы атанды

Абу -Даби қаласында қараша айының 10-11 күндері джиу-джитсийдан Әлем чемпионаты өткен болатын. Әлемның түкпір түкпірен…

1 неделя ago

Науырзымдық Ерлан Омаров АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында көк байрағымызды көтеріп, әнұранымызды шырқатты

АҚШ- тың Лас-Вегас қаласында дзюдодан күрес шеберлері арасындағы әлем чемпионатында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде…

3 недели ago

This website uses cookies.