19 шілде күні «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асуы бойынша жиын өтті
Ауданымызды цифрландыру бағдарламасының бағыты бойынша
Онда білім, денсаулық, мәдениет саласы мен қызмет көрсету және өзге де салаларын цифрландыру бағытындағы атқарылып жатқаніс-шаралар легі талқыланды.
Осы бағыт бойынша Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және мұрағаттар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Өтебаев іс сапармен келген еді.Іс сапар мақсаты «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және бақылау бойынша. Нұрбол Өтебаев бағдарламаның оңтайлы жағын түсіндіре кетіп, ауданымыздағы цифрландыру бойынша бағытты талқылады. Сонымен қатар бағдарламаныңбағыттарына жек-жеке тоқталып өтті. Бірінші бағыт – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру. Екінші бағыт – экономиканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлы технологияны ендіру. Үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру және төртінші бағыт – IT-мамандарды даярлау.
Аппарат басшысы Нұрлан Әміров қазіргі таңда осы цифрлы біліктілікті арттырубағыты бойынша 250 адам оқып жатырғаның атап өтті. Осы бағыт бойынша қаралған сұрақтар ауданымыздағы электронды бағытты іске асыру әрі ауылдық округтердегі интернет желісінің төмендігі жайында сұрақтар қозғалды.
Мал шаруашылығындағы жылқы жануарларын чиптеу жайында ақпарат айтылды. Ондағы қолайлысы ұялы телефоныңызға бағдарламаны көшіріп, жылқыныздын қай жерде жүргенің анықтау мүмкіндігі жайында айтылып өтті. Сонымен қосаНұрбол Өтебаев ауданымыздағы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асырудың Жол картасы объектілерімен танысты.
Дина ФАЗЫЛЖАНҚЫЗЫ
Фото автордікі
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31